Бiз туралы
Біздің сайтқа хош келдіңіздер!
ЗАЙСАН қ .ЗАЙСАН ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
Әрбір студент өзінен -өзі сұрайды: 9 сынып аяқталғаннан кейін не істеу керек?
Бір жағынан, толық орта білім алғаннан кейін сіз ҰБТ тапсырып, университетке түсуіңізге болады.
Екінші жағынан колледждегі 9-сыныптан кейін оқуға түсу мамандықты меңгеруге мүмкіндік береді.
Біздің колледждің сайты «Зайсан технологиялық колледжінің» қызметі қызықтыратындардың бәріне арналған. Біздің сайттың парақтарына кірген талапкер,студент, оқытушы немесе кездейсоқ қонақ болсын.
Мұнда сіз колледждің оқу үрдісі туралы біліп қана қоймай, сондай-ақ оның барлық қызметімен таныса аласыз.
Егер сіз талапкер болсаңыз және біздің колледжге түскіңіз келсе,онда сізге сайттың бөлімі Талапкерді көру қажет, оның беттерінен оқытудың түрлері , мамандықтар туралы біле аласыз.
Егер сіз біздің колледждің студенті болсаңыз,онда студент бөлімінде сіз өзіңізге қажетті және пайдалы ақпарат аласыз;бұл оқу үрдісі сабақтарының кестесі, қосымша оқыту және қызықты қарқынды студенттік өмір және т.б.
«ЗАЙСАН ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» КММ
Қазақстан Республикасының Конституциясының мерейлі 25 жылдық мерекесі қарсаңында Зайсан аудандық технология колледжі облыста топ жарып, аудан абыройын асқақтатты.
« Техникалық және кәсіптік білім беру-2020» байқауында «Үздік» деп танылып, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д.Ахметовтың қолынан
34 млн теңгенің сертификатымен марапатталды.
Колледж тарихы терең, тағылымыды білім ордасын басқарып отырған Сейілханов Ерік Тақанұлы мен колледж ұжымын жетістіктерімен құттықтаймыз!
Колледж ұжымына шығармашылық табыс,береке-бірлік тілейміз. Алар асуларыңыз әрқашан биік болсын!
Тарихы терең,
тағылымды білім ордасы
1945 жылы 12 наурызда Қазақ ССР Халықтық Жер өңдеу Комиссариатының Зайсан ауданында бір жылдық мал шаруашылық механизация мектебін құру туралы № 23 бұйрығы шықты.
1945 жылы тамыз айында осы аталған бұйрыққа сәйкес Қаратал селосында ауыл шаруашылық механизация мектебі ашылды.
1946 жылы 3 тамызда Қаратал ауылынан Зайсан қаласына көшірілді.
1947 жылы 31 мамырдағы Зайсан аудандық коммуналдық мекемесінің шешімі бойынша сол кездегі Ленин көшесіндегі 23 үй және Шегір көшесіндегі 34 үй механизаторлар дайындайтын курстың оқу орны болып берілген.
1953жылы 2 қарашада Қаз ССР ауыл шаруашылық Министрлігінің №588 бұйрығына сәйкес №19 ауыл шаруашылық механизация мектебі №19 ауыл шаруашылық механизация училищесі болып өзгертілді. Училищеде осы уақыттан бастап тракторист, комбайн жүргізушілері 6 айлық оқу мерзіміне, соңынан 1 жылдық оқу мерзіміне ауыстырылды.
1962 жылдан бастап училище кең көлемді тракторист-машинист мамандарын 2 жылдық оқыту мерзімімен дайындай бастады.