c


БЕКІТЕМІН

«Зайсан технологиялық колледжі» КММ

директоры                     Е.Т.Сейлханов

«   »  «        »  2018 жыл                          

 

 

"Зайсан технологиялық колледжі" КММ жанындағы

Қамқоршылық Кеңесі туралы ереже

 

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. "Зайсан технологиялық колледжі" КММ жанындағы Қамқоршылық кеңесі туралы осы ереже «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 44-бап, 9-тармағына, сәйкес жасалынды.
  2. "Зайсан технологиялық колледжі" КММ (ары қарай-колледж) жанындағы Қамқоршылық кеңес (ары қарай - Қамқоршылық кеңес)  колледжді алқалық басқарудың бір түрі болып келеді. Қамқоршылық кеңестің негізгі мақсаты – жарғылық мақсаттарды жүзеге асыруға, қаржылық қамтамасыз ету және басқа да мәселелерді шешуге жәрдемдесу.   
  3. Қамқоршылық кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығымен бекітілген «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын», мекеменің жарғысын және осы ережені басшылыққа алады.
  4. Қамқоршылық кеңесі мүшелері өз міндеттерін өтеусіз атқарады.
  5. Қамқоршылық кеңесінің шешімі ұсынымдық сипатта болады.

Қамқоршылық кеңес өз қызметін  принциптерге сәйкес ұйымдастырады 

  1. Мүшелері тең құқылы, алқалық басшылықта, қабылдаған шешімдер ашық, мерзімді есеп береді.

 

  1. Қамқоршылық кеңестің мақсаттары мен міндеттері

 

7.Қамқоршылық кеңесі жұмысының мақсаты:

1) колледждің жарғылық функцияларын жүзеге асыруға жәрдемдеседі;

2) Білім алушылардың білім алу, оқу бағдарламасын меңгеру және өмірде сәтті әлеуметтенуі үшін колледждің педагогикалық ұжымы мен білім алушыларына қажетті жағдай туғызу;

 3) колледждің материалдық – техникалық базасын нығайту, қаржылай қолдау көрсету;

4)  колледждің ары қарай дамуына жәрдемдесу;

5) колледждің қызметіне, соның ішінде қаражатты бөлуіне қоғамдық бақылау жасау;

  1. Қамқоршылық кеңесі жұмысының негізгі бағыты:

 1) колледжде әлеуметтік – мәдени, сауықтыру және дамыту бағытындағы іс – шаралар өткізуге көмек көрсету;

2) білім мен тәрбие беру саласында әлеуметтік серіктестермен ынтымақтастықты орнатып, дамытуға жәрдемдесу;

3) колледж түлектерінің жұмысқа орналасуына, тұрмыс тіршілігін жақсартуға, білім алуына көмек көрсету; 

4) колледж қызметіндегі кемшіліктерді жоюға бағытталған ұсыныстарды енгізу;

5) Қамқоршылық кеңесінде "Зайсан технологиялық колледжі" КММ есебін тыңдау.

 

  1. Қамқоршылық кеңесті басқару

 

  1. Қамқоршылық кеңестің жоғарғы басқару органы, қажеттілікке сәйкес өткізілетін, жылына бір реттен кем емес өткізіліп отыратын, Қамқоршылық кеңесінің жалпы жиналысы болып келеді. Алғашқы жалпы жиналыс "Зайсан технологиялық колледжі" КММ басшысының шақыруымен өткізіледі.

Жалпы жиналыс: 

  • Қамқоршылық кеңес басқармасының сандық құрамын, Қамқоршылық кеңестің төрағасын және орынбасарын  анықтап, бекітеді;
  • Басқарманың және төрағаның жұмысы туралы есепті бекітеді;
  1. Қамқоршылық кеңестің алғашқы отырысын мекеме басшысы өткізіп, Қамқоршылық кеңестің төрағасын, орынбасарын, хатшысын және мүшелерін тағайындайды.

 11.Қамқоршылық кеңестің жиналыстары аралығындағы жұмысқа атқарушы орган, Қамқоршылық кеңесі мүшелерінің жалпы жиналысында сайланған басқарма басшылық жасайды. Басқарма Қамқоршылық кеңесі жұмысының бағдарламасы және жоспарын жасайды, бекітеді және  оның орындалуын ұйымдастырады, жалпы жиналыстың шешімін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.

  1. Басқарманы қамқоршылық кеңесінің төрағасы басқарады.

Төраға:

  • Қамқоршылық кеңесінің жұмысын ұйымдастырады, оның отырыстарына төрағалық етеді;
  • қамқоршылық кеңесі отырыстарының күн тәртібін қалыптастырады;
  • Қамқоршылық кеңес отырыстарының хаттамаларына және басқа да құжаттарға қол қояды;
  • қамқоршылық кеңес мемлекеттік билік органдарымен, өзге де ұйымдармен, қоғамдық бірлестіктермен, заңды және жеке тұлғалармен қарым – қатынаста қамқоршылық кеңестің қызметіне байланысты мәселені ұсынады;
  • қамқоршылық кеңестің тапсырмалары мен шешімдерінің орындалуын бақылайды;
  • қамқоршылық кеңесі жұмысына байланысты құжаттарды сақтауды қамтамасыз етеді;
  • өзі болмаған кезде, міндетін атқаруды Қамқоршылық кеңес төрағасының орынбасарына жүктейді;
  • жыл сайын Қамқоршылық кеңесі қызметі туралы есеп береді;
  • осы ережеге сәйкес міндеттері және өзге де құқықтары бар.
  1. қамқоршылық кеңесі төрағасының орынбасары төрағаның ұсынысымен сайланады.Орынбасардың функциясын төраға анықтайды.
  2. Жауапты хатшы Қамқоршылық кеңесі төрағаның ұсынысы бойынша сайланады және Қамқоршылық кеңестің іс қағаздарын жүргізуге жауапты.

 

  1. Қамқоршылық кеңесі мүшелерінің құқықтары мен міндеттері

 

  1. Қамқоршылық кеңес алға қойған міндеттерін шешу үшін құқылы: 1) колледжді дамытуға арналған бағдарламалар және жобаларды ғылыми, құқықтық, қаржылық, материалдық –техникалық және өзге де жағынан   қамтамасыз етуге;

2) мемлекеттік билік органдары және өзге де органдарға колледждің қызметінің тиімділігін арттыру бойынша сұраныстар , ұсыныстар жіберуге;

3) қамқоршылық кеңесінің құзыретіндегі мәселелерді зерттеуге және жұмыс қорытындысы бойынша нұсқаулықтар әзірлеу үшін комиссия мен жұмыс тобын қалыптастыруға;

 4) белгіленген тәртіппен жекелеген жұмыстарды атқаруға  келісім –шарт негізінде  мамандарды тартуға; 

5) колледждің тәрбие жұмысының жоспарына ұсыныстар енгізу, оқу –тәрбие жұмысына қатысуға;

6)  оқу –тәрбие үрдісін ұйымдастыру және бюджеттен тыс қаржыны пайдалану бойынша "Зайсан технологиялық колледжі"  КММ әкімшілігінің есебін тыңдауға;

          7) Қазақстан Республикасының заңнамаларында тыйым салынбаған, заңды және жеке тұлғалар және басқа да ерікті жарналардан құралған Қамқоршылық кеңесінің қаржылық қорын құруға;   

8) колледжді дамыту қорына қосымша қаржы тарту үшін халық арасында  түсіндіру жұмыстарын жүргізуге;

9) БАҚ – ына қамқоршылық кеңесінің жұмысы туралы ақпарат беруге;

16.Қамқоршылық кеңесінің мүшелері білім саласындағы, жетім және ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқығын қорғау бойынша заңнамаларды сақтауға міндетті.

 

  1. Қамқоршылық кеңесіне жүктелетін міндеттер

 

  1. Білім алушылардың тәрбие және білім алу сапасын арттыру мақсатында оқу – тәрбие үрдісін ынталандыру.

 18.Бюджеттен тыс тартылған  қаржыны мақсат бойынша  жұмсау. 

19.Осы ереже бойынша Қамқоршылық кеңеске жүктелген міндеттердің орындалуын сақтау.

  1. "Зайсан технологиялық колледжі" КММ материалдық – техникалық базасын, аумағы мен ғимаратын абаттандыруды жетілдіруге жәрдемдесу.
  2. Әр түрлі деңгейдегі конкурс, сайыс, байқауларға колледждің білім алушыларының қатысуын ұйымдастырып, қаржыландыру.
  3. "Зайсан технологиялық колледжі" КММ қызметін қамтамасыз етіп, дамытуға қосымша ресурстарды тарту.
  4. Заңды көмек көрсету.

 

  1. Қамқоршылық кеңесінің құрамы, жұмыс жағдайы және тәртібі

 

  1. Қамқоршылық кеңесі өз еріктерімен, қамқоршылық кеңестің төрағасы, оның орынбасары және мүшелерінен құрылып , қалыптасады.

 25.Қамқоршылық кеңесі құрамына өзге білім беру ұйымдарының, басқарма органдарының өкілдері, жұмыс берушілер және әлеуметтік серіктестер, қор, қоғамдық ұйымдар, ассоциация өкілдері, демеушілер кіре алады.   

  1. Қамқоршылық кеңесі мүшелері өз өкілеттілігін қоғамдық негізде жүзеге асырады.
  2. Қамқоршылық кеңесі мүшелері өз өкілеттілігін басқа тұлғаларға, соның ішінде Қамқоршылық кеңесінің басқа мүшелеріне табыстауға құқысы жоқ. Қамқоршылық кеңесі мүшесі отырыста болмаған жағдайда, қаралып отырған мәселе туралы пікірін жазбаша түрде ұсына алады.

28.Қамқоршылық кеңес мүшесінің өкілеттілігі, қамқоршылық кеңес мүшесінің өз өтініші бойынша, соның ішінде денсаулығына байланысты өз міндеттерін атқара алмайтын жағдайда, қамқоршылық кеңесіне жазбаша хабардар еткен соң мерзімінен бұрын тоқтатылады.

  1. Қамқоршылық кеңес мүшесінің қамқоршылық кеңесі жұмысынан немесе қеңестің берген тапсырмасын орындаудан жалтарған жағдайда, сонымен қатар қамқоршылық кеңес мүшесі мәртебесіне сай келмейтін әрекеттер жасаған жағдайда қамқоршылық кеңесінің жалпы жиналысы шешімі бойынша өкілеттілігі тоқтатылады.
  2. Кеңестің жаңа мүшесін қабылдау, кеңестің жалпы жиналысында жазбаша өтініш негізінде жүзеге асырылады.
  3. Кеңес мүшелері жазбаша өтініш бере отырып, өз қалауы бойынша кедергісіз кеңес мүшелігінен  шыға алады. Егер кеңес мүшесінің іс- әрекеті осы ережеге қайшы келетін болса, ол Кеңестің  жалпы жиналысында кеңес мүшесінен шығарылады.
  4. Кеңестің барлық мүшелері тең құқылы. Кеңестің жеке мүшесі мен ұжымдық мүшесінің құқықтары тең. Кеңестің құрылтайшылары барлық мүшелерге бірдей қарайды.
  5. Қамқоршылық кеңесі төрағасын және оның орынбасарын Қамқоршылық кеңестің алғашқы отырысында, оған қатысып отырған мүшелерінің дауыс беруі бойынша сайлайды.

 34.Мәжілістің күн тәртібін Қамқоршылық кеңестің төрағасы, ол жоқ болған кезде оның орынбасары анықтап, Қамқоршылық кеңесі отырысында бекітіледі.

  1. Қамқоршылық кеңестің жұмысы кеңес мүшелерінің ұсынысы бойынша қалыптасып, жүзеге асырылады.
  2. Қамқоршылық кеңестің мәжілісі қажеттілікке байланысты жылына бір реттен кем емес өткізіледі. Қамқоршылық кеңестің мәжілісі, оның төрағасының, кеңес мүшесінің немесе "Зайсан технологиялық колледжі" КММ басшысының бастамасымен шақырылады. 
  3. Қамқоршылық кеңестің мәжілісі, оған кеңес мүшелерінің жартысынан көбі қатысқан жағдайда заңды болып есептеледі. Шешім мәжіліске қатысып отырған және қатыса алмаса да өз пікірін жазбаша ұсынған кеңес мүшелерінің дауыс беруі бойынша шығарылады. Дауыстар тең болған жағдайда, төрағаның мақұлдаған шешімі қабылданады. Арнайы ескертілген жағдайда Қамқоршылық кеңесінің екі – үш мүшесінің дауыс беруімен шешім қабылдануы мүмкін.
  4. Қамқоршылық кеңестің шешімі хаттамаға жазылып, қамқоршылық кеңес төрағасының қолы немесе хаттама жүргізген орынбасары мен хатшысының бірінің қолы қойылады. Хаттамаға колледждің мөрі басылады. Қамқоршылық кеңестің мүшесі шешіммен келіспеген жағдайда, өз пікірін жазбаша түрде баяндайды, ол қамқоршылық кеңесі мәжілісінің хаттамасына бекітіледі.
  5. Қамқоршылық кеңес жұмысын ұйымдастыруды "Зайсан технологиялық колледжі" КММ қамтамасыз етеді. "Зайсан технологиялық колледжі" КММ Қамқоршылық кеңесті мәжіліс өткізетін, құжаттарын сақтайтын орынмен қамтамасыз етеді.
  6. Қамқоршылық кеңесінің жұмысы жалпы жиналыс шешімімен тоқтатылады. Қамқоршылық кеңестің жұмысы тоқтатылған соң, оның жұмыс барысында қозғалтылған барлық құжаттары "Зайсан технологиялық колледжі" КММ тапсырылады.

 

  1. 41. Кеңес мүшелері құқылы:
    • Кеңес басқармасы органына сайлауға және сайлануға, оның құрылымы және кандидатура құрамы бойынша ұсыныстар енгізуге;

         2) Кеңес жұмысы шараларына ұсыныс енгізіп, оны жалпы жиналыста талқылауын талап етуге;  

3)  ерікті түрде колледжге материалдық, қаржылай немесе жеке еңбегімен   көмектесіп жәрдем беруге; 

4)  колледждегі оқу – тәрбие үрдісін жетілдіру бойынша ұсыныстарды жасап, жүзеге асыруға, оқу орнының материалдық базасы мен мамандардың біліктілігін жетілдіру, дайындау, қайталап оқыту жұмыстарына араласуға; 

5) Кеңес жұмысы туралы ақпаратпен кедергісіз танысуға.

 

  1. 42. Кеңес мүшелері міндетті:
  • Осы ереженің нормаларын сақтауға және орындауға;
  • Осы ережеде қарастырылған кеңес жұмысына араласуға;
  • Кеңес, оның мүшелері "Зайсан технологиялық колледжі" КММ қызметкерлерінің қызмет бабына араласуға құқылы емес;

4) Қамқоршылық кеңес мүшелері білім беру саласының, жетім және  ата –анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың  құқығын қорғау бойынша заңнамаларды сақтауға міндетті.

 

  1. Қамқоршылық кеңестің мүлкі және қаражаты

 

  1. Қамқоршылық кеңесінің қаражаты оның мақсат міндеттеріне

     сәйкес жұмсалады.

  1. Қамқоршылық кеңес қаражатты пайдаланғаны туралы өзінің салымшыларын хабардар етеді.
  2. Қамқоршылық кеңесінің қаражатына алынған мүлік колледждің балансына өткізіледі.

 

  1. Тексеру комиссиясы

 

  1. Тексеру комиссиясы Қамқоршылық кеңесінің көмегімен құрылады және колледждің арнайы есепшотына түскен қайырымдылық және демеушілік көмек, ерікті жарналардан құралған қаражаттың жұмсалуына бақылау жасайды.
  2. Тексеру комиссиясы Қамқоршылық кеңесі мүшелерінен тұратын 3 адамнан құралады және кеңестің жалпы жиналысында 3 жылдық мерзімге сайланады.  
  3. Тексеру комиссиясының мәжілісі қажеттілікке орай жылына бір реттен кем емес өткізіледі.
  4. Тексеру комиссиясы жылына бір рет Кеңестің жалпы жиналысында колледждің арнайы демеушілік есепшотына түскен қаражаттың жұмсалуы туралы есеп береді.

 

  1. Қамқоршылық кеңесті тарату

 

  1. Қамқоршылық кеңестің жұмысы қамқоршылық кеңестің бастамасымен немесе колледждің таратылуы және қайта ұйымдастырылуы кезінде тоқтатылады.
  2. Қамқоршылық кеңесінің қаражаты тарату туралы шешім шыққаннан соң заңды және жеке тұлғалармен есеп айырысу үшін, сонымен қатар Қамқоршылық кеңесі жүзеге асырған жобаны аяқтау үшін тарату комиссиясына беріледі.