«Зайсан технология колледжі» КММ-де  қамқоршылық кеңесінің жоспарына сәйкес ұйымдастыру отырысы, шараларды өткізуге көмек көрсету,  колледждің материалдық- техникалық базасын күшейту сұрақтары, жасалған жұмыстар бойынша қорытынды отырыстар жүргізілді.

2019-2020 оқу жылының ұйымдастыру отырысында қамқоршылық кеңесінің құрамы бекітілді, оның ережелерімен таныстырылды, қамқоршылық кеңесінің жоспары қарастырылып бекітуге ұсынылды. Қамқоршылық кеңесінің мүшелері колледждің материалдық-техникалық базасымен таныстырылды.

Жыл бойы колледждің қамқоршылық кеңесінің жоспарына сәйкес мынадай шаралар өткізілді: «Адамдарға жақсылық ет» атты қайырымдылық акциясы (колледждегі жетім балаларға азық-түлік және киімдер берілді) ұйымдастырылды,   мамыр айларында студенттер үшін аудандық мұражайына экскурсия ұйымдастырылды; колледждің жетім студенттеріне асханада 5 реттік тегін ыстық тамақ беріледі, студенттерге рухани-адамгершілік тәрбие беру мақсатында колледжде «Қарттарды құрметтейік» қайырымдылық акциясы өткізілді. Колледж студенттері және қызметкерлері Ұлы Отан Соғысының ардагері Курмангожанов Закен атаға Ұлы Жеңіс күнімен құттықтап, сый-сияпат көрсетті; I-курс студенттері Зайсан қаласында жалғыз басты аналарға әр-түрлі тағамдар, сүтті тағамдарды үйлеріне апарып таратты, шаруашылық жұмыстарына көмек көрсетті. 

Жаздық демалыста жетім студенттер үшін «СМУ-Шығыс» мекемесінде тәжірибе (стажировка) ұйымдастырылды, олар  студенттерді тамақпен, жатар орынмен тегін қамтыды және еңбекақы төледі.

   Оқу жылының аяғында Қамқоршылық кеңесінің жұмысы қорытындыланып, ұсыныстар айтылды.

 

 

Орынд. Ә.Қ.Сыязбаева