Кітапхана жұмысы
Оқу залында еліміздің бас қаласының 20 жылдығына орай «Астана-менің жүрегім» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітапханашы Ш.Қ.Карменова І курс студенттері мен ата-аналарын көрмеге қойылған кітаптар, бүктемелер, баспасөз материалдарымен таныстырды. Астана қаласы туралы мол мағлұмат беріліп, сұрақ қою арқылы студенттердің ой өрістерін кеңеюіне ықпал етті.
Зайсан технология колледжінде 1наурыз-Алғыс айту күніне орай атты акция өткізілді. Мақсаты түрлі этностардың арасындағы адамгершілік қарым-қатынасты нығайту, мейірімділік, ізеттілік, жүрек жылуы сияқты рухани ілімдерді ұялатып, адамдардың бір-біріне қуаныш, шаттық, бір-бірімен ризашылықта өмір сүруге тәрбиелеу және саналы алғыс айтуға баулу.
Кітапханашы Ш.Қ. Карменова еліміздің бас қаласы Астананың 20 жылдығына орай «Астана-мерейім, мәртебем, беделім» атты кітап көрмесін ұйымдастырып, онда қойылған кітаптармен таныстырды. Ол «Менің Қазақстаным» атты электронды оқулықты компьютер арқылы көрсете отырып, жалпы Қазақстан туралы және еліміздің бас қаласы Астана жайлы айтып өтті. Еңбек және демалыс лагерінің студенттері қызығушылық танытып, мол мағлұмат алды.
Зайсан технология колледжінің оқу залында «1979-1989 жылдардағы Ауғанстандағы соғыс» атты тақырыпта ауған соғысы ардагерлерімен дөңгелек үстел басында кездесу өтті. Ауған соғысы ардагерлер ұйымының төрағасы С. Манамбаев, ардагерлер Б.Тепеев, К.Алханов қатысып, интернационалдық борыштарын өтеу кезіндегі қиын-қыстау күндеріндегі естеліктерімен бөлісті. Студенттердің қойған сұрақтарына жауап бергенде ардагерлер жастар жылына тоқталып, олардың өмірге деген көзқарастары туралы сөз қозғады. Бұл студенттерге терең ой салып, тәрбие, жауапкершілік, сыйластық, болашақ жайлы емен-жарқын әңгімелесті. Соғыс күндерінен топтастырылған слайд пен деректі фильм көрсетілді. Студенттер соғыста қаза болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алды. Студенттер бірнеше байқаулардың жүлдегері А.Серікқызы және М.Ақылбеков, А.Бағатбеков әннен шашу шашса, Нүтіпов өлең оқыды. Кездесуді студенттер А.Оразбайұлы мен А. Жайлаубекова жүргізді. Кітапханашы Ш.Карменова ауған соғысының қасіреті жайлы айтып, сол соғыста құрбан болғандарды және аман оралған жауынгерлерді құрметтеп, үлгі тұту баршаның борышы екеніне тоқталды.
Кітапханашы Ш.Қ. Карменова колледж түлегі, қызмет бабында қаза тапқан ҰҚК ШҚ майоры А.Ш. Ибраевқа арналып орнатылған ескерткіш тақта мен «Құрмет пен парыз» стендімен таныстырды. Еңбек және демалыс лагерінің студенттері колледжіміздің түлегі Алмаз Шаймұханбетұлының оқыған оқу орындары,істеген қызметі жайлы сұрақтар қойып, қызығушылық танытты.
Еңбек және демалыс лагерінің студенттері колледж мұражайына саяхат жасады. 70 жылдан аса тарихы бар колледждің тыныс-тіршілігімен кітапханашы Ш.Қ. Карменова таныстырды. Олар тарихтан сыр шертетін фотосуреттерге қызығушылық білдірді.
Қазақстанның тәуелсіздік алғанына биыл 27жыл толып, Елбасымыздың салиқалы саясатының арқасында Қазақстан жылдан- жылға көркейіп, небір қиындықтарды артқа тастап, жаңа экономикалық өрлеу үстінде. Осы мерейлі мерекеге орай оқу залында “Мемлекеттік рәміздер - Ел мақтанышы” атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітапханашы Ш.Қ. Карменова мемлекеттік рәміздерді қастерлеу-әрбір азаматтың конституциялық міндеті жайлы айтты. Студенттерді көрмеге қойылған кітаптармен таныстырып өтті.