Колледж кітапханасында Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойына арналған «Жыл алыбы- Жамбыл Жабаев» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге қойылған ақынның кітаптары, өмірбаяны жайлы буклеттермен аспаз А-11 тобының студенттері таныстырылды. Студенттер ақынның  «Ленинградтық өренім» өлеңі және Москваға барған сапары туралы өз ойларымен бөлісті.

Орындаған Ш.Қ. Карменова


Ата-бабаны, ұлттық дәстүрді құрметтеу-тәрбие негізі       

Абайдың 175 жылдық мерейтойы аясында А-11 аспаз тобымен кітапхана бірлесе отырып колледж ардагерлерімен кездесу кешін өткізді.

Ардагерлер осы оқу орнында істеген кездегі естеліктерін ортаға салып, студенттерге Абай шығармашылығын,  мұрасын, нақыл сөздерін, философиялық ой толғауларын айтып, Абайдың әнін шырқап, өлеңін оқып, инабаттылық, адамгершілік  қасиеттер туралы айтып ой бөлісті. Кеш өте жоғары дәрежеде өтті. Аспаз тобы дайындаған қазақтың ұлттық тағамдарынан дәм татты.

 

 

Дайындаған:  кітапханашы Шолпан Карменова


2019 жылы колледждің акт залында оқытушы Г.Тлеулесова мен кітапханашы Ш.Карменова  жатақхана тәрбиеленушілерімен бірлесе отырып, Тәуелсіздік күніне орай  «Тәуелсіздік-бабалар арманы» атты тарихи-сазды кеш өткізді. Кеш барысында студенттер өткен тарихқа үңіліп және қазіргі уақытқа байланысты ойластырылған қойылымдарға қатысып, ролдерді сомдап, мәнерлеп айту, сөйлеу мәдениеттерін дамытты.         

 

Орындаған кітапханашы Ш.Қ. Карменова

 


Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арнап «Ғасырдан ғасырларға жеткен үні» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. 2020 ж. қаңтар айында гуманитарлық пәндер бірлестігі ұйымдастырған «ҰЛЫ ХАЛЫҚТЫҢ-ҰЛЫ АБАЙЫ» атты онкүндік аясында курс студенттерін кітап көрмесіне қойылған ақын шығармаларымен кітапханашы

 

Ш.Қ. Карменова таныстырып өтті.

 

Жатахана тәрбиеленушілерімен оқытушы Г.Ж. Тлеулесова өткізген «Абай-кемеңгер ақын» атты әдеби-сазды кеште кітап көрмесіне қойылған ақын шығармаларымен кітапханашы Ш.Қ. Карменова таныстырып өтті.

      

Орындаған кітапханашы Ш.Қ.Карменова


2019-2020 оқу жылындағы алғашқы қоңырау

      1-қыркүйек Білім күніне орай колледждің  оқу залында «Рухани жаңғыру- ұлт болашағы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Онда «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы бойынша шығарылған кітаптар қойылды. І курс студенттері мен ата-аналарды көрмеге қойылған кітаптар, бүктемелер, баспасөз материалдарымен таныстырдым. Алдағы уақытта  гуманитарлық білімнің барлық бағыттары бойынша  әлемдегі ең үздік деген оқу орындарының 100 оқулығы  қазақ тіліне аударылады. Дүние жүзіндегі таңдаулы университеттердің оқулығы негізінде білім алу мүмкіндігі бар екендігі студенттерге айтып таныстырылды.

  

 

 

 

 

 

 

              

Осы колледждің «Ауыл шаруашылығы» тобының 1995 жылғы  түлегі әскери көлік-ұшағы апатынан қаза тапқан ҚР ҰҚК Шекара Қызметінің майоры Алмаз Шаймұханбетұлы Ибраевқа арналып орнатылған мемориалдық тақта мен бұрышпен таныстырдым.

   

 

,

 

Орынд.кітапханашы Ш.Қ. Карменова     

  (8 778 317 61 67)

 

 

 

 

 

 

 

 

Орындаған кітапханашы Ш.Қ. Карменова