Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі және Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасы «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында 25-қазан Республика күніне орай ұйымдастырған «Республикам менің» атты челленджге ВФ-1 тобының студенттері Ғалымбекұлы Жарқын, Марат Ерасыл Бауыржанұлы қатысып, өз үлестерін қосты. Ғалымбекұлы Жарқын Мұқағали Мақатаевтың «Отан», Марат Ерасыл Бауыржанұлы жерлес ақынымыз Ұлықбек Есдәулеттің «Қазақстан» атты өлеңдерін мәнерлеп жатқа айтты.
https://zaysan-college.edu.kz/kz/kitapkhana.html#sigFreeId4fee193158
Қазақтың әйгілі жазушысы, қоғам қайраткері, Қазақстан Ғылым академиясының академигі, филология ғылымының тұңғыш докторы, профессор Мұхтар Әуезовтің туғанына 125 жыл толуына орай «Мұхтар Әуезов тағылымы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітапханашы көрмеге қойылған дүниежүзілік классика қорына еніп, ұлы ақын, ойшыл Абайдың өлмес бейнесін талант қуатымен ашып берген, жазушы шығармашылығының ел таныған асқар шыңы болып табылатын «Абай жолы» роман-эпопеясына , «Көксерек», «Қараш-қараш оқиғасы» повестеріне, «Қорғансыздың күні», «Жетім» әңгімелеріне шолу жасады. М. Әуезов жайлы жазылған баспасөз материалдарымен таныстырып өтті. Жазушының алғашқы әңгімелері мен зерттеу мақалалары «Абай», «Таң», «Шолпан» журналдарында жарияланған.
https://zaysan-college.edu.kz/kz/kitapkhana.html#sigFreeId5b621c8f9d
Колледж кітапханасында бірінші курс студенттері үшін ашық есік күні өткізілді. Кітапханашы студенттерге кітапхананың құрылымымен, ережелерімен, оқырманның міндеті мен кітапхананы пайдалану ережелерімен таныстырды. Студенттерге колледж сайтындағы кітапхана бөлімі,электронды оқулықтар бөлімі, инстаграмм желісіндегі zaisan.kolledq айты туралы ақпарат айтылды. Шара соңында жаңа оқырмандар тіркеліп, кітаптар алды.
https://zaysan-college.edu.kz/kz/kitapkhana.html#sigFreeIdd6a2a11a6d
https://zaysan-college.edu.kz/kz/kitapkhana.html#sigFreeId2ef255438d
Колледж кітапханасында Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойына арналған «Жыл алыбы- Жамбыл Жабаев» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге қойылған ақынның кітаптары, өмірбаяны жайлы буклеттермен аспаз А-11 тобының студенттері таныстырылды. Студенттер ақынның «Ленинградтық өренім» өлеңі және Москваға барған сапары туралы өз ойларымен бөлісті.
https://zaysan-college.edu.kz/kz/kitapkhana.html#sigFreeId604fc1286e
Орындаған Ш.Қ. Карменова
Ата-бабаны, ұлттық дәстүрді құрметтеу-тәрбие негізі
Абайдың 175 жылдық мерейтойы аясында А-11 аспаз тобымен кітапхана бірлесе отырып колледж ардагерлерімен кездесу кешін өткізді.
Ардагерлер осы оқу орнында істеген кездегі естеліктерін ортаға салып, студенттерге Абай шығармашылығын, мұрасын, нақыл сөздерін, философиялық ой толғауларын айтып, Абайдың әнін шырқап, өлеңін оқып, инабаттылық, адамгершілік қасиеттер туралы айтып ой бөлісті. Кеш өте жоғары дәрежеде өтті. Аспаз тобы дайындаған қазақтың ұлттық тағамдарынан дәм татты.
https://zaysan-college.edu.kz/kz/kitapkhana.html#sigFreeId55e0e6be6c
Дайындаған: кітапханашы Шолпан Карменова
2019 жылы колледждің акт залында оқытушы Г.Тлеулесова мен кітапханашы Ш.Карменова жатақхана тәрбиеленушілерімен бірлесе отырып, Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік-бабалар арманы» атты тарихи-сазды кеш өткізді. Кеш барысында студенттер өткен тарихқа үңіліп және қазіргі уақытқа байланысты ойластырылған қойылымдарға қатысып, ролдерді сомдап, мәнерлеп айту, сөйлеу мәдениеттерін дамытты.
Орындаған кітапханашы Ш.Қ. Карменова
https://zaysan-college.edu.kz/kz/kitapkhana.html#sigFreeId17b097bb7c
Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арнап «Ғасырдан ғасырларға жеткен үні» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. 2020 ж. қаңтар айында гуманитарлық пәндер бірлестігі ұйымдастырған «ҰЛЫ ХАЛЫҚТЫҢ-ҰЛЫ АБАЙЫ» атты онкүндік аясында курс студенттерін кітап көрмесіне қойылған ақын шығармаларымен кітапханашы
Ш.Қ. Карменова таныстырып өтті.
Жатахана тәрбиеленушілерімен оқытушы Г.Ж. Тлеулесова өткізген «Абай-кемеңгер ақын» атты әдеби-сазды кеште кітап көрмесіне қойылған ақын шығармаларымен кітапханашы Ш.Қ. Карменова таныстырып өтті.
Орындаған кітапханашы Ш.Қ.Карменова
https://zaysan-college.edu.kz/kz/kitapkhana.html#sigFreeId5c84f98865
2019-2020 оқу жылындағы алғашқы қоңырау
1-қыркүйек Білім күніне орай колледждің оқу залында «Рухани жаңғыру- ұлт болашағы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Онда «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы бойынша шығарылған кітаптар қойылды. І курс студенттері мен ата-аналарды көрмеге қойылған кітаптар, бүктемелер, баспасөз материалдарымен таныстырдым. Алдағы уақытта гуманитарлық білімнің барлық бағыттары бойынша әлемдегі ең үздік деген оқу орындарының 100 оқулығы қазақ тіліне аударылады. Дүние жүзіндегі таңдаулы университеттердің оқулығы негізінде білім алу мүмкіндігі бар екендігі студенттерге айтып таныстырылды.
Осы колледждің «Ауыл шаруашылығы» тобының 1995 жылғы түлегі әскери көлік-ұшағы апатынан қаза тапқан ҚР ҰҚК Шекара Қызметінің майоры Алмаз Шаймұханбетұлы Ибраевқа арналып орнатылған мемориалдық тақта мен бұрышпен таныстырдым.
,
Орынд.кітапханашы Ш.Қ. Карменова
(8 778 317 61 67)
Орындаған кітапханашы Ш.Қ. Карменова