Колледж кітапханасында өткізілген іс-шаралар
Кітапхананың кітап қоры 19162, оқулық қоры 11636.
Жыл сайын колледжге келген 1 курс студенттеріне осы колледж түлегі, қызмет бабында опат болған ҰҚК ШҚ майоры А.Ш.Ибраевқа орнатылған ескерткіш тақта мен «Құрмет пен парыз» стенді жайлы айтып, таныстырылып отырылады.
https://zaysan-college.edu.kz/kz/kolledzh-kitapkhanasy.html#sigFreeId39485a1fea
«Болашаққа бағдар:Рухани жаңғыру» мақаласы аясында аудандық кітапханамен бірлесе, «Өнерлі өрендер» атты шығармашылық орталығының оқушыларымен кездесу кеші өткізілді.
https://zaysan-college.edu.kz/kz/kolledzh-kitapkhanasy.html#sigFreeId5ada796d12
ҰЛТ КӨШБАСШЫСЫ
Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кітаптарынан көрме ұйымдастырылды. Кітапханашы Ш.Қ. Карменова 29 қараша 2019 жылы 1 курс студенттерін Н.Ә. Назарбаевтың кітаптарымен таныстырды және слайд арқылы суреттерді көрсете отырып, көптеген мағлұматтар берілді. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев мемлекетіміздің негізін қалаушы, Тұңғыш Президент, саясаткер ғана емес, ол сазгер, жазушы.
https://zaysan-college.edu.kz/kz/kolledzh-kitapkhanasy.html#sigFreeId67861744fd
Айтарым бар
Аудандық мәдениет үйінде «Алғыс айту» күніне орай ауданның сан түрлі саласында еңбек етіп жүрген әйелдердің басын қосқан “Айтарым бар” атты дөңгелек үстел өтті. Шара барысында «қалай кәсіп табуға болады, жетістікке қалай жетуге болады, қандай қағиданы ұстану керек?» деген сұрақтар төңірегіінде ойларымызды ортаға салып, пікір алмастық
https://zaysan-college.edu.kz/kz/kolledzh-kitapkhanasy.html#sigFreeIdc98c90598c
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
2018 жылы ақпан айында колледж кітапханасы мен аудандық кітапхана бірлесе отырып, Елбасының “Тәуелсіздік дәуірі” кітабының беташарын өткізді. Зайсан ауданының еңбек ардагерлері, колледж студенттері «Тәуелсіздік дәуірі» кітабы жайлы өз пікірлерін білдіріп, ойларын ортаға салды.
https://zaysan-college.edu.kz/kz/kolledzh-kitapkhanasy.html#sigFreeId04907074fc
ҚОШ КЕЛДІҢ, ӘЗ-НАУРЫЗ!
22 наурыз мерекесіне орай 2018 жылы 19 наурыз күні 1 курс студенттері арасында «Қош келдің Әз-Наурыз» мерекелік шарасы өткізілді. Әр топ дастархан әзірлеп, наурыз көже ұсынып жарысқа түсті. Колледждің спорт залында ұлттық ойындар сайысы өткізіліп, жеңімпаздар марапатталды.
https://zaysan-college.edu.kz/kz/kolledzh-kitapkhanasy.html#sigFreeId3f2c824cc8
“Қазіргі заманғы колледж кітапханасы жұмысын ұйымдастыру”
тақырыбында колледж кітапханашыларының облыстық семинарына қатысып, арнайы сертифкат алып қайттым.
https://zaysan-college.edu.kz/kz/kolledzh-kitapkhanasy.html#sigFreeIdf61544607e
ҰРПАҚТАРЫМЕН МӘҢГІ ЖАСАЙТЫН ЕСІМДЕР
30 мамыр күні саяси қуғын-сүргін жылдарында зардап шеккен азаматтар мен олардың туыстарының қатысуымен аудандық ішкі саясат бөлімінің ықпалымен дөңгелек үстел өткізілді. Қатысқандар:З.Д. Дүйсенбаева, Б.Қашағанова, Т. Мырзаханов, Қ.Алтыбаев, Роза,Қатира Жақсылықовалар, Айтан Қожасейітов, музей директоры Қанағат Салақов және колледж студенттері мен оқытушылар. Слайд көрсетілді. Келген қонақтар, студенттер өз ойларын айтып, пікір алмасты.
https://zaysan-college.edu.kz/kz/kolledzh-kitapkhanasy.html#sigFreeId48d1f75fa7
Аудан әкімдігі ғимаратында мерекелік салтанатты жиын өтті.
“ЕЛ РӘМІЗДЕРІ-ТӘУЕЛСІЗДІК АЙҒАҒЫ” атты кітап көрмесін ұйымдастырып, оқырмандарды қойылған кітаптар мен бүктемелермен таныстырдым.
https://zaysan-college.edu.kz/kz/kolledzh-kitapkhanasy.html#sigFreeId419f67c89a
Ш.Карменова