«Зайсан технология колледжі» КММ-де жұмыс берушілермен одан әрі тиімді өзара ынтымақтастық жасау мақсатында 15 қараша 2022 жылы «Жұмыс беруші күні» аталып өтті.
Жұмыс берушілермен кездесуде мынадай іс - шаралар ұйымдастырылды:
1)Жұмыс берушілер үшін колледж бойынша танысу экскурсиясы және көрмелер ұйымдастырылды.
2)Оқытушылар мен студенттердің жұмыс берушілермен диалог алаңында кадрларды даярлаудың өзекті мәселелері бойынша кездесуі.
3)Кәсіпорындармен өзара іс - қимыл жасау үшін қажетті негізгі нормативтік құқықтық актілерді түсіндіру (академиялық тәуелсіздік, дуальды оқыту, кәсіпорындармен колледждерді қамқорлыққа алу, мақсатты мемлекеттік білім беру тапсырысы, кәсіпорындарда мұғалімдердің тағылымдамасы және т.б.).
4)Меморандумдар мен келісімдерге қол қойылды.
Іс - шара соңында үздік жұмыс берушілер «СМУ - ШЫҒЫС» ЖШС директоры Абжанов Дарын Қуатбекович, «Зайсан құрылыс компаниясы» ЖШС директоры Нұрасыл Гафур Болатбекұлы, «Қорған» шаруа қожалығының басшысы Амренов Қайрат Шарипбекович, «Зайсан – Вет» ШЖҚ КМК басшысы Чилибаев Камбар Какимович, ЖК «Сейткамзина А.Т.» жетекшісі Сейткамзина Алия Ташеновна, ЖК «Айтбаева К.Т.» жетекшісі Айтбаева Камила Токеновна, ЖК «Купиева Г.К.» жетекшісі Купиева Гульмайра Калиевна, ЖК «Чекетаева Г.» жетекшісі Чекетаева Гульнар, ЖК «Карыбаева С.С.» жетекшісі Карыбаева Сабира Сеитбековна, «БЭСК» АҚ Зайсан аудандық электр желілері мекеме басшысы Байгожин Жанат Слямбекович, ШҚО Зайсан аудандық «Атамекен» КПФ директоры Абдыгалиев Канат Абдыгалиевич алғыс хаттармен марапатталды.
https://zaysan-college.edu.kz/kz/leumettik-seriktester.html#sigFreeId740e666937
Колледждің педагогикалық ұжымы жаңа технологиялар менақпараттық оқыту технологияларын енгізу бағытында жемісті еңбек етіп келеді.
Оқытудың дуальдық жүйесінің элементтерін енгізу бағытында біраз жұмыстар атқарылуда. «Зайсан технология колледжі» КММ ТжКБ беруді жүзеге асыратын, Зайсан ауданын жұмысшы кадрлармен қамтамасыз ететін жалғыз мекеме. Жастарды ауылға тұрақтандыру, оларға сапалы білім беру, тұрақты жұмыспен қамту мақсатында әлеументтік серіктестіктермен тығыз байланыс орнатып, нәтижелі жұмыс жасап отырған білім ордасы.
Осындай мақсатта электргазбен дәнекерлеуші, электр жабдықтарына қызмет көрсету жөніндегі электромонтер, ауыл шаруашылық өндірісіндегі
тракторист - машинист, сылақшы, аспаз мамандықтарын оқытуда дуальді оқыту жүйесі енгізіле бастады. Өндірістік тәжірибеден өту үшін 4-жауапкерлігі
шектеулі серіктестіктермен, әртүрлі деңгейдегі шаруа қожалықтарымен, әр саладағы жеке кәсіпкерлермен екі жақты, үш жақты келісім шарттар жасалған.
Шығыс Қазақстан облыстық Кәсіпкерлер палатасынының ықпалымен ауданымыздағы ірі серіктестермен келісім шарттар жасалды. Атап айтсақ
«Сму-Шығыс» ЖШС, «Зайсан құрылыс» ЖШС, АҚ «ВК РЭС», «Нұр-Сервис» ЖШС, «Қорған» тағы басқа шаруа қожалықтары. Осы келісім шарттар негізінде бұл мекемелерде колледж студенттері өндірістік оқудан және тәжірибеден өтеді.
2016-2017 оқу жылында «Зайсан технолгия колледжі» КММ-нің директоры Сейлханов Ерик Таканович Қытай Халық Республикасындағы
«Синьцзян аграрлық кәсіптік – техникалық институтына» тәжірибе алмасу мақсатында барып, биылғы оқу жылында «Ветеринарлық-санитар» тобының II.
III курс студенттерін өндірістік тәжірибеден өтуге екі жақты келісім шарт жасалды. Келісім шарт бойынша 05.05.2017-28.05.2017 аралағында «зайсан технология колледжі» КММ –нің «Ветеринарлық-санитар» тобының II, III курстан 7 студент және өндірістік оқыту шебері Б.Т.Айтбаева жетекші ретінде ҚХР Чанцзи қаласындағы «Синъцзян аграрлық кәсіптік-техникалық институтынан» өндірістік тәжірибеден өту үшін жіберілді. Тәжірибе алмасудың қадамдық жоспары жасалынып, жоспар бойынша оқу орнымен, оқу ғимараттарымен, материалдық-техникалық базасымен, студенттердің тыныс-тіршілігімен, мамандықтар бойынша оқытылатын заманауи технологияның әдіс-тәсілдерімен оқу үрдісін ұйымдастыру ерекшеліктерімен танысып қайтты.
Студенттер ветеринария мамандығының оқу кабинеттері мен зертханалық-тәжірибелік кабинетіндегі жабдықтармен, яғни хирургия ота жасауға арналған құралдар, рентген аппараты, ота айнасы, УЗИ аппараты және басқа да құралдарды қолдану әдістерін меңгерді.
Институттың ветеринария саласының инженер-педагогикалық құрамымен танысып, ветеринария мамандығында білім алып жатқан институт студенттерімен бірге теориялық және тәжірибелік сабақтарда, яғни «Хирургия», «Жануарларды емдеу тәсілдері» пәндерінен теориялық дәріс беріліп, зертханалық-тәжірибелік сабақтарда дезинфекция жасау, кіші ота жасау, емдеу, дәрі-дәрмектерді қолдану, малдарды азықтандыру тәсілдерін
тәжірибе жүзінде орындады. Тәжірибелік сабақтар күнтізбелік-тақырыптық жоспар бойынша әр күнге 4 сағаттан 64 сағат көлемінде өтті.