Оқу-әдістемелік жұмыс
2018-2019 оқу жылында политехникалық пәндер бірлестігі 18/02-22/02 аралығында апталық өткізді.
Сабақтың тақырыбы- «Сүт қышқылды өнімдер. Сүт қышқылды өнімдер сапасына қойылатын талаптарды анықтау». Ашық сабақ «Азық –түлік тауарларын тану» пәнінен өтті. Сабақ өте тартымды өз деңгейінде өтті. Студенттер тақырып бойынша алған білімдерін тәжірибемен ұштастыра білді.
Колледждің әдістемелік жұмыстарының түйінді тақырыбы: педагогика ғылымының жаңа технологияларын басшылыққа алып, халықаралық бәсекелестікке лайықты білімді де білікті мамандар даярлау.
Семей қаласындағы 2017жылдың сәуір айында «Электротехника» КМҚК колледжінде I-курс студенттері арасынан физика пәнінен облыстық олимпиадаға А-9 тобынан Бейсенбаева Аяужан, С-3 тобынан Ануарбеков Жанат, Зиядабекова Кербез қатысып, Ануарбеков Жанат алғыс хат алып қайтты. Жетекшілері Д.Қайырбекқызы, Қ.Қ.Сыбанов.