Студент

2017 жыл қыркүйек айында полковник Р.Зәкиевті еске алу турнирінде шағын футболдан аудандық жарыста колледж студенттері қатыстырылып жақсы ойын көрсете білді.

«ЕҢБЕГІМЕН ЕРЕКШЕЛЕНГЕН ЕЛБАСЫ»  атты тарихи   танымдықдөңгелек  үстелұйымдастырды.Белсенді студенттер Елбасының өмір жолы, саяси өмірі, игі бастамашыл істері, Қазақстанның халықаралық жағдайы туралы ой-пікірлерін бөлісті. Тәуелсіздік жылы дүниеге келген ІІІ курс, ВС-3 тобының студенті Е.Дүзбаев Елбасы туралы өзінің пікірін ортаға салды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті көтеру мақсатында колледж қызметкерлеріне/жұмыскерлеріне және студенттеріне пара беру деректерін анықтауға көмек көрсеткен тұлғаларды марапаттау және қызметі бойынша көтеру шаралары хабардар етілді.Арнайы хабарландыру ақпараттық стендке және жатақхана стендіне орналастырылды.

Алдағы уақытта «Болашақ» ұйымы өз жұмыстарын жоспарға сай, тыңғылықты жұмыстар атқаруда.Сонымен қатар жастарды  әскери-патриоттыққа тәрбиелеуде «Жас Ұлан» жұмыс істейді.

Әр оқу жылында  колледжде  салтанатты жиын болып, барлық 1-ші курс  білім алушылары  «Ұлы дала ұландары» атты студент қатарына қабылдау кеші отырады.