1 қазан – Халықаралық қарттар күні. Негізінен бұл күн – аға ұрпақтың қоғам өміріне қосқан үлесіне шынайы ризашылық білдіретін және қамқорлық көрсететін ерекше мейірімге толы күн. Аудандағы зейнеткерлерге, сондай-ақ, жалғызбасты жандарға, мүгедектерге, қамқорлық пен күтiмдi қажет ететiн азаматтарға жылдағы бағыт бойынша ерекше көңiл бөлініп келеді.
"Қарты бар ел - қазыналы ел" демекші, үлкенге құрмет көрсету, қарияларымызды сыйлау, ізеттілік таныту - ата-бабаларымыздан келе жатқан салтымыз. Қарттарымыз - жұмыстың қай-қайсысында болмасын, алдыңғы қатарда жүріп, шама шарқынша үлес қосып, ауданның дамып өркендеуіне үлес қосқандар.
Осы орайда өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге бола білген қарияларымызды аталмыш төл мерекесімен құттықтау мақсатында, кезінде аянбай тер төккен, бүгінде бейнетінің зейнетін көріп отырған Зайсан қаласы қарттары, атап айтсақ Раисова Зулейха Имамутдиновна, Посохова Любовь Андреевна, Иргебаева Әсия және Бадиков Мұратбек, Сейлжанова Бықыш апа аудан әкімі С.Зайнулдиннің атынан аталмыш мейраммен құттықталды. Мерейлі күнде колледж атынан қосымша сый-сыяпат көрсетілді.
https://zaysan-college.edu.kz/kz/zhanaly-tar/329-arttar-a-rmet-zor-mindet.html#sigFreeIdf28167b4f7