Жетістіктер
Ақтөбе қаласында 2019 жылдың 21-23 ақпан аралығында өткен гір спортынан «Зайсан технология колледжі» КММ студенті Мұқатаев Азамат бірінші орын алып Қазақстан чемпионы атанды.
Колледждің аспаз мамандығын игеріп жатқан А-9 топ студенттері арасында «Сustoms and Traditions of Kazakhstan and Great Britain» атты тақырыбында ағылшын тілінен ашық сабақ өтті. Студенттер өздерінің білімдерін жетік көрсете білді.
Ағылшын тілінен «The Kingdom of three languages» атты сыныптан тыс өткізілген шараға топ студенттері белсене қатысты. Өз білімдері мен шеберліктерін көрсете білді. Бұл сайыста А-9 тобының студенті Ақылбекова Аяужан жеңімпаз атанып, мақтау грамотасымен марапатталды.